8.08.2016, 16:06
Оқылды: 53

«Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны» атты өлкетану экспедициясы екінші сапарын бастады

mini HengeАқжайық ауданында «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны» атты өлкетану экспедициясы биылғы екінші сапарын бастады. Бұл жолы осы ұжымның құрамы туризм және экология орталығының оқытушылары мен шәкірттерінен тұрады. Топ былтырғы жұмысы барысында айталық, Базаршолан ауылдық округі аумағындағы Кенжеғара қорымын картаға түсіріп, әр құлпытасты нөмірлеп, фотосуретін дайындаған еді. Бұл материалдар эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеушілердің қолына тапсырылды. Биыл да оқытушы, аудандағы Атамекен ауылындағы «Жерұйық» өлкетану мұражайының жетекшісі Жәнібек Әбілпейсовтің басшылығымен олар аталған қорымды зерттеуді жалғастырады. Сонымен қатар мысалы, кезіндегі Соналы болысының билеушісі Мұхамеджан Сарғожин мен оның ағайындары отырған ауыл орнын картаға түсіру, қорымда жатқан Сартай би Сатыбалдыұлының (1797-1868) өмірдеректерін толықтыру, бір таса тұстарда жатуы ықтимал араб жазулы көне ескерткіштерді тұрғындардың көмегімен іздестіру жоспарланып отыр.stone write Топ құрамында Жаңақала ауданының имамы Мұратбек қажы Жахатов бар. Шәкірттер үшін сайын дала төсінде мәдени ескерткіштер жайында, Мұратбек қажының «Құлпытастар сөйлейді» атты кітабынан дәрістер өтеді.

Болат Қосжанұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале