17.08.2016, 16:38
Оқылды: 28

Тасқалада үздік  отбасылар анықталды  

????????????????????????????????????

Сәрсенбі күні Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында ішкі саясат бөлімінің  қолдауымен және «Тасқала әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы - 2016» байқауының аудандық кезеңі өтті. Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Люция Жұбанышқалиева,  аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов, «Тасқала әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы В.Завгарина қатысты. 


Алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызы отбасы құндылығы мен ұрпақ тәрбиесіне тоқталды. «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында өткізіліп отырған бұл шара кейінгі ұрпаққа ой тастап, отбасының берекесін одан әрі арттыруға өзіндік үлесін қосатынына сенімдімін», -деді ол.

Айта кету керек, ауданда екі жыл қатарынан ұйымдастырылған байқауға 17 жанұя қатысты. Байқау барысында амангелділік Кусаевтар «Үлгілі отбасы», шежіндік Таубаевтар «Шежірелі отбасы», тасқалалық Акишевтар «Білімді отбасы», мерекелік Турешевтар «Тәрбиелі отбасы» аталымдарына ие болса,  «Белсенді отбасы» аталымы мерекелік Баймағамбетовтерге, «Шығармашыл отбасы» аталымы ақтаулық Бақтыгереевтерге, «Ұлағатты отбасы» мен «Ынтымақты отбасы» наталымдары Достық ауылынан келген Лекеровтар мен атамекендік Аубаковтардың жанұясына бұйырды. Ақтаулық Сағатовтар «Өнегелі отбасы», ал амангелділік Сүндетқалиевтар «Тату отбасы», Оян ауылынан келген Ажбаевтар мен Достық ауылынан Қадырберлиевтер «Еңбекқор отбасы» және «Мейірімді отбасы», Тасқала округінен қатысқан Жұрынтаевтар жанұясы «Салауатты отбасы» аталымдарын еншіледі.

Байқаудың бас жүлдесі мерейлік Көшербаевтар отбасына бұйырды. Бірінші орынды Г.Хисаметдиновтың отбасы жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар мен аталым иелеріне бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Шара соңы аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Назгүл Серікқызы
Тасқала ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале