14.10.2016, 11:05
Оқылды: 28

Тасқала аудандық соты 9 айда атқарған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді

9-%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d1%8b%d1%81%d1%8b%d0%bd-%d2%9b%d0%be%d1%80%d1%8b%d1%82%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d0%b4%d1%8bСот төрағасының міндетін атқарушы С.Есжанов 2016 жылдың 9 айында атқарған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Брифинг барысында ол 2016 жылдың 9 айында былғырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  қылмыстық және азаматтық істердің азайғанын, бірақ әкімшілік істердің саны 85 пайызға көбейгенін хабарлады. Есепті мерзімде қылмыстық істер бойынша 26 тұлғаға қатысты айыптау үкімдері, 1 тұлғаға қатысты ақта үкімі шығарылған,медиация тәртібімен  11 қылмыстық іс біткен.243 азаматтық істің 113-і іс шешім шығарумен, 18 іс медиация тәртібімен, 2 іс бітімгершілік келісім бекітумен аяқталған. Сонымен біргеесепті мерзімде 298 әкімшілік құқық бұзушылық іс аяқталып, 251 іс бойынша әкімшілік жаза қолданылды.73 іс бойынша құқық бұзушыларға әкімшілік айыппұл салынды. 42 іс бойынша бұзушылар арнайыжүргізу куәлігінен айырылып, 4 бұзушыға ҚР шегінен шығарып жіберу туралы қаулы шығарылды.

Кездесуде барысында сот төрағасының міндетін атқарушы жаңа азаматтық процессуалдық кодексі енгізілгені туралы, сонымен бірге жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу өндірісі тәртібімен 13 азаматтық іс қаралғанын аттап өтті. Аудандық сотқа азаматтық істер бойынша талап-арыздар мен  әкімшілік құқық бұзушылық істерді сот кабинеті арқылы жіберу енгізіліп,  барлық әкімшілік істер жылдың басынан бастап тек сот кабинеті арқылы түсіп жатыр.

Е.Елекенов

www.zhaikpress.kz

 

                                                       

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале