28.09.2016, 15:29
Оқылды: 16

Теректіліктер тағы топ жарды

%d0%b4%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bd2016ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Орал қаласында елімізге танымал әнші Индира Расылханның өнер мектебі ұйымдастырған «Дарын-2016» байқауының облыстық кезеңі оздырылды.


Жастар мәдениет үйінде өткен жарысқа түрлі аталымдар бойынша балғындар сынға түсті. Ауданымыздың атын қорғап барған кішкентай өнерпаздар осы жолы жеңіс туын тағы бір мәрте желбіретіп, белгілі эстрада жұлдызының оң бағасын алды.  Жақсы баға алып қойғаны ештеңе емес, тіпті барлық теректілік «жұлдыздар» Елорда төрінде өтетін байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан құрылған «Өркен» балалар ансамблі додада ешкімге дес бермей, жүздеген қатысушылардың арасында озық көрінді. Эстрадалық вокал аталымында жасындай жарқылдаған балаларға тең келер ешкім болмай, олар бірден Астанаға жол тартатын болды. Сонымен қатар, осы аталымның орта тобында Альбина Галиева жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Бұл жас әнші де қазылардың жоғары бағасына ие болып, республикалық кезеңге арнайы шақыртумен барады. Жоғарыда аталған жеңімпаздарды дайындаған ұстазы, аудандық мәдени-демалыс орталығының хормейстрі Гүлнәз Құсайынова ұйымдастырушылар  атынан Алғыс хатқа ие болды.

Осы байқауда аудандық №3 саз мектебінің оқушылары да жарады. Эстрадалық вокал аталымының орта тобында Асхат Хайруллиев 1 орынды жеңіп алса, хореография номинациясы бойынша орта топта Слана Имашева жетекшілік ететін «Шаттық» би ансамблі жеңімпаз атанды.  Осындай өнер додасында ауданымыздың намысын абыроймен қорғап, енді облысымыздың даңқын Елордада арттыратын теректіліктерге сәттілік жолдас болғай дейміз.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале