20.10.2016, 18:55
Оқылды: 39

Той көркін спорттық ойындар қыздырды

%d1%81%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%82%d1%82%d1%8b%d0%ba-%d0%be%d0%b9%d1%8b%d0%bd            Біртуар тұлға Мұхит бабамыздың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған шаралар шеңберін маңыздылығымен одан сайын ерекшелене түсті.


Алыстан мен мұндалап көз тартар той ауылының бір шетінде спорттық ойындар ұйымдастырылды. Оның ішінде қазақ күресі, аударыспақ, гір тасын көтеру, қой көтеру, қол күресі сынды спорттық ойындар шара шырайын аша түсті.

Спорттық ойындарды тамашалаған ағайын әлсін-әлсін қиқу сап, оларға дем беріп отырды.

Қазақ күресі бойынша жеңімпаз атанған қаратөбелік Бауыржан Шүрменнің мерейі осы жолы да үстем болды. Ал, гір тасын көтеруден ақтайсайлық Әли Орынғалиев, қой көтеруде сырымдық Темірлан Ғаббасов алдына жан салмады. Ол 60 келілік қойды 3 минуттың ішінде 50 мәрте көтере білді.

Айта кету керек, марапаттау салтанатында қазақ күресі өнері бойынша жеңімпаз Б.Шүрменге 100 000 теңге ақшалай сыйлық, гір тасын көтеру ойынының жеңімпазы Ә.Орынғалиев пен қой көтеру сайысының жеңімпазына қой малы сыйға тартылды.

Қол күресі өнерінде ел-жұртқа чемпион ретінде танымал бола білген қаратөбелік жас спортшы Фархат Қалиев жеңіс тұғырына көтеріліп, арнайы сыйлыққа ие болды.

 

Ертай БИМҰХАНОВ

Тоты ЕСҚАЙРОВА

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале