20.10.2016, 19:00
Оқылды: 44

Той сәні – дала қызықтары

%d0%b4%d0%b0%d0%bb%d0%b0-%d0%ba%d1%8b%d0%b7%d1%8b%d0%ba        Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында дарынды дала бұлбұлы Мұхит Мерәліұлының 175 жылдығына орай Қаратөбе ауданында дала қызықтары оздырылды.


Дала қызықтарының басты көрінісі 8 айналымнан тұратын 25 шақырымдық аламан бәйгеге көпшіліктің ықыласы жоғары болды.

Аламан бәйгеге көршілес Ақтөбе облысының Ойыл ауданынан, облыстың  Сырым, Теректі аудандарынан, ауданның ауылдық округтерінен барлығы 12 ат қосылды.

Солардың арасынан мәре сызығынан бірінші болып алдына жан салмаған    Сырым ауданы Көздіқара ауылының тұрғыны Серік Мүтиевтің Бақторысы (шабандозы Эльдар) келіп, 1 млн. теңге ақшалай сыйлықты жеңіп алды. Қаратөбелік Ғабит Мақановтың адымы алшаң Қызылтаңы (шабандозы Баха) екінші орынға шығып, сыйлыққа тоңазытқышты сыйлыққа алды.

Ал, сырымдық Серік Мүтиевтің екінші аты Байшұбары (шабандозы Ерасыл) жүлделі үшінші орынды жеңіп алып, кіржуғыш мәшинесін иеленді.

3 шақырымға шапқан тай жарысынан бірінші болып, мәре сызығына сулыкөлдік К.Исақұловтың тайы келіп, (50 000 теңге) ақшалай сыйлыты иеленсе, екінші орынға Бюрин Әлібектің тайы (30 000 теңге), үшінші орынды  Рысқали Райымбектің тайы еншілеп, (20 000 теңге) ақшалай сыйлықты иеленді.

Аламан бәйге, тай жарысының жүлде-сыйлықтарын Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров, Түркістан қаласынан арнайы келген ҚР Халық әртісі, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, профессор, әнші-термеші Қажыбек Бекбосын, сал Мұхиттың ұрпағы Әсия Мұхитова табыс етті.

 

Ертай БИМҰХАНОВ

Ерболат РАЙСОВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале