13.09.2016, 13:53
Оқылды: 34

«Толағай» тартысты өтті

%d1%82%d0%be%d0%bb%d0%b0%d0%b3%d0%b0%d0%b9                Отбасы күніне орай М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп базасында  аудандық «Нарын жастары» қоғамдық бірлестігі мен «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен әрі аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева және «Нарын шуағы» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжан Бисекенова және Сайқын ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Аққалиевтердің қазылық етуімен  «Толағай» отбасылық жарысы болып өтті.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  бұл шараны   Лариса Тельманқызы ашып, отбасы құндылығын сақтау баршаның ісі екенін, жалпы, жанұя жарасымы қазақи салт-дәстүр берік орныққан ортада  өркен жаятыны жөнінде  салиқалы ой өрбітті.

Тартысты өткен сайысқа Бисенбаев, Омаров, Бижанов, Дүйсенғалиевтердің жанұялары қатысып, бақ сынады. Алдымен топ мүшелері өз-өздерін таныстырды. Одан әрі «Кім жүйрік?», «Кім мықты?», «Кім алғыр?», «Кім епті?», «Кім жылдам?» сынды бөлімдер бойынша жарысқа түсті. Тартымды өткен сайыста  Дүйсенғалиевтер – жігерлі, Бижановтар – көңілді, Бисенғалиевтер – алғыр, Омаровтар – жүйрік отбасылар деп танылды. «Толағай» сайысына қатысушыларға сый-сыяпат тарту етілді.

Гүлнар ТАСБОЛАТҚЫЗЫ

Бөкей Ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале