23.08.2016, 12:17
Оқылды: 28

Тоғызқұмалақтан топ жарды

  9құмалақ19-21 тамыз күндері Орал қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Спорт күні» мерекесіне арналған тоғызқұмалақтан облыстық турнир оздырылды. Бұл жарысқа 5 команда, 100-ден астам ойыншы қатысты. Дүбірге толы облыстық ой додасында Жаңақала аудандық спорт мектебінің спортшылары да бақ сынады.

Сайыс қорытындысында командалық есеп бойынша Қайрат Маратұлы жаттықтыратын Жаңақала ауданы құрамасы бас жүлдені жеңіп алды.

Команда сапында белсене өнер көрсеткен жерлестеріміздің қай-қайсы да жүлдеден құр қол қалмады. Жекелей түрінде ұлдар арасында Амангелді Сағынғалиев I орынды жеңіп алса, осы қатарда қыз бала болса да Інжу Қайыржанова ұлдармен иық тіресіп бас жүлдені еншіледі. Ал Бексұлтан Халиоллин II орынды, Жандыбек Кенжеғалиев III орынды олжалады.

Сонымен қатар, қыздар арасында  Жанар Мұратова I орынды, Ақгүл Бауыржанқызы II орынды, Аяжан Магзумова мен Әлия Төрегелдиева III орынды иеленді.

«Ең жас ойыншы» номинациясымен Асылбек Өтеуов, Камила Гафаровалар марапатталды.

Алтынбек Серікқалиұлы

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале