3.11.2016, 13:19
Оқылды: 18

Турнирде атой салғандар

%d0%b2%d0%be%d0%bb%d0%b5%d0%b9%d0%b1%d0%be%d0%bb  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Теректі ауданы Ақсуат ауылындағы Ақсуат ЖОББМ-нің спорт залында «Дені саудың – жаны сау» атты  волейболдан аудандық турнир  оздырылды. Доданың ұйымдастырушылары қатарында  «Іс үшін – За дело» ЖҚБ-гі мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бар.


   Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған  Ақсуат селолық округінің әкімі Л.Искалиева  спортшыларға қош келдіңіздер айтса, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі орталығының басшысы М.Ибраев  «Іс үшін – За дело» ЖҚБ-нің төрағасы Қ.Баянов  жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Ауданның нағыз үздігі болуға  8 команда үміткер болды. Көп жастардың бойындағы салауатты өмір салтын ұстануға деген бейімділік пен спортқа деген махаббат көз қуантты. Тартысқа толы өрбіген турнирдің жеңімпазын анықтау өте-мөте қиын болды. Нәтижесінде, тұғырдың үшінші сатысына Подстепный ауылдық командасы жайғасса, 2 орынды Федоров ауылының командасы місе тұтты. Ал, әдемі ойын өрнегін көрсетіп, көрермен мен төрешілердің сөзсіз шешім шығаруына себеп болған Шаған ауылының командасы турнирдің 1 орынын жеңіп алды Сонымен қатар,  «Жеңіске деген ынтасы үшін» аталымы бойынша Приречный командасы марапатталса, «Үздік тосқауылдаушы» аталымыАлиханСаматовқа бұйырды. Жарыстың «Үздік байланыстырушысы» болып Бағдат Сейткалиев танылды. Жеңімпаз  және жүлдегер командалар ұйымдастырушылар атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

Әділет Әлібек

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале