19.03.2015, 11:17
Оқылды: 21

Тыл еңбеккеріне құрмет

dsc_0233


Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төреғалиев Чапаев ауылының тұрғыны, ҰОС тылының ардагері Мәруа Серғазиеваның шаңырағында болып, кейуананы 85 жас мерейтойымен құттықтады.


Мәруа Қызанқызы Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдары Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында, яғни майдан ше-біне таяу жерде мал бағып, сауыншы болған. «Сол кезде халық соғыстың жеңіспен аяқталуы үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Уақытпен санаспай, бел қайыстырар жұмыстан соң, жауынгерлерге азық, киім дайындадық. Ұрыста опат болған ауыл-дастарымыздың отбасына да көмектестік», - дейді ол өткен күндерді есіне алып.

Ұлы Жеңістен соң Мәруаның үй-іші Ақжайық ауданының орталығы Чапаевқа көшіп келеді. Осында Төлеген Серғазиевпен отау көтеріп, сегіз ұл-қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде кейуана балаларының аялы қамқорлығында.

Аудан әкімі мерейгерге естелік сыйлық тапсырып, игі тілегін арнады.


Болат ҚОСЖАНҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале