19.10.2016, 11:37
Оқылды: 21

Тілді құрметтеп, сананы шынықтырған шара

%d1%82%d0%b8%d0%bb%d0%b4%d0%b8-%d0%ba%d1%83%d1%80%d0%bc%d0%b5%d1%82%d1%82%d0%b5%d1%83Шыңғырлау ауданының орталық кітапхана жүйесінің оқырмандар залында Ыбырай Алтынсаринның 175 жылдығына орай «Кел, балалар оқылық!» атты тағлымды шара өтті. Аудандық тіл дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен бұл шарада ұлы ағартушының бұрын жарияланбаған, бүгінде мектеп оқулықтарында көптеп шығарылған туындыларын насихаттау, балалар білімін жетілдіре түсіп, тілге құрмет, ана тілімізге тәу етуді жас ұрпақ бойына сіңіруді мақсат еткен шарада ұлы ұстаз, ағартушы-ақынның көптеген шығармалары оқылды, жатқа айтылды.  Алты мектептен қатысқан балалар өз біліктілігі мен мәнерлеп оқу өнерлерін ортаға салып жеңімпаздар анықталды.

-Аталмыш шара біздің күнделікті атқарылып жатырған сан түрлі шараларымыздың бірі ғана, мемлекетіміздегі тілдерге арналған тағлымға толы, ғибраты мол шаралар жалғаса беретін болады,- дейді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Сәуле Жұмағазиева.

Қаршыға Елемесов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале