8.08.2016, 9:55
Оқылды: 37

Ақжайық ауданында «Тілсіз жау» шөп пен қора-қопсыны жойды

           өрт сөндіруАқжайық ауданының Ақжол ауылдық округіндегі «Үміт» шаруа қожалығының шаруашылық құрылыстарында 4 тамызда өрт оқиғасы орын алды. 360 шаршы метрді құрайтын жаппа-ауламен қоса 150 тайланған шөп жойылды. Ал 7 тамызда сағат 02:40 шамасында Тайпақ ауылындағы И.Тайманов көшесі бойында қатар тұрған екі үйдің қора-қопсысында «тілсіз жау» тайраңдады. Бір тұрғынның шөбі ауласымен бірге, екінші тұрғынның қой қорасы жаппасымен бірге отқа оранды. Тиісті тексерулер жүргізілуде. Абырой болғанда, аталған оқиғалардан зардап шеккен адам жоқ.

www.zhaikpress.kz

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале