14.11.2016, 15:55
Оқылды: 20

Тілшінің фотокөрмесі көпшілікке ұсынылды

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be%d0%ba%d3%a9%d1%80%d0%bc%d0%b5Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әріптесіміз Түгелбай Бисеннің «Тарихы терең, келешегі кемел Қазақстан» атты фотокөрмесі ұйымдастырылды.

Аудандық мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылған көрмеде фототілшінің таңдаулы туындылары қойылып, еліміздің кең байтақ жері, өңіріміздің көрсе көз сүйсінер табиғаты, ауданымыздың ардагерлері мен белсенді азаматтары,  өңірімізге ғана емес елге танымал тұлғалардың фото суреттері көрініс тапты.

Бейбіт заманда, азат елдің қойнауында ғұмыр кешіп келетін халықтың өмірі мен ұлы дала төсіндегі тыныс-тіршілік сәттеріне жалпақ жұртшылық тәнті болды.

Динара Беріш

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале