30.09.2016, 15:53
Оқылды: 26

Тілі басқа болса да тілегі бір

%d1%82%d0%b8%d0%bb%d0%b8-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d0%ba%d0%b0Зеленов ауданы орталығындағы «Достық» мәдениет үйінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – еркіндігім, қасиетім, қастерлім» атты фестиваль өтті. Ауданда тұрып жатырған өзге ұлттардың салт-дәстүрін, ән-күйлерін құрметтеу және оларды отансүйгіштікке, елжандылыққа баули отырып, бойларындағы таланттарын халық алдына шығару мақсатында оздырылған фестивалде ауданның 11 ауылдық округінен келген ұл-қыздар өнерлерін көрсетті. Аудандақ «Жігіт сұлтаны» байқауының жеңімпазы Сергей Ереминнің орындауындағы «Алға қазақ жігіттері» әнімен ашылған шараға келген қатысушылар еврей, татар, орыс тілдерінде әндер шырқап, қазақ ақын-жазушылары мен композиторларының шығармаларын да орындады. Әсіресе бұрын естімеген еврей халқының «Тумбалалайка» әнін орындаған Татьяна Пирка, татар әні «Туған яқты» орындаған Әсия Халелова, Болат Үсенбаевтың «Тәуелсіздік туралы жыр» өлеңін оқыған Любовь Немченко сияқты қатысушылар мен сахнаға әбден тқселген Надежда Сармина және Валентин Сажин сынды орындаушылардың өнеріне жиналған көрермен лайықты бағасын берді.

Фестиваль соңында сахна төріне көтерілген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүніс аталмыш шараға қатысқан барлық өнерпаздардың өнері шыңдала берсін деген тілектерін білдіріп,  жастарды мақтау қағаздарымен марапаттады.

Түгелбай Бисен

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале