19.09.2016, 10:49
Оқылды: 43

Тіл қуаты жарқырап...

%d0%b6%d0%b0%d1%80%d0%ba%d1%8b%d1%80%d0%b0%d0%bf Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта көркемсөз оқу шеберлерінің «Мәнерлеп оқу-мәдениеттіліктің мәйегі» атты терме орындаушылардың «Сөз сөйлеймін бөлмелеп...» атты атты байқау болып өтті.

Үміткерлер бұған дейін іріктеуден өткен болатын. Қазақстан халқы тілдері күнін ұлықтауды мақсат тұтқан айтулы шарада көптеген ауылдық округтен келген қатысушылар барын салып бақты.

Драмалық шығармалар мен патриоттық тақырыптағы поэзиядан үзінді оқыған көркемсөзшілер арасында І орынды алғабастық Наргиз Болатжанқызы иеленді.Сөз өнеріне деген ынтасымен танылған ол Советхан Қалиғожиннің «Қазағымның маңдайдағы жұлдызы» атты өлеңін нақышына келтіре оқыды.

%d0%ba%d1%83%d0%b0%d1%82ІІ орынды мергендік Жанасия Мұхамбетова еншілесе, ІІІ орынды Жамбыл аулдық округінің атынан келген Әлия Жалмағанбетова мен қарауылтөбелік Елдос Жалғасбаев жеңіп алды.

Сөз өнерінің құдіретін, ана тілінің қасиеті мен қуатын термешілер арасындағы тартыс та айқын аңғартты. Сайыста 6 өнерпаз өнер %d1%82%d0%b8%d0%bbкөрсетті. Топтан озып шығып, І орынды иеленген базаршоландық Сатыпалды Дәукенбаев болды. Ол Махамбеттің «Арғымақ, сені сақтадым» атты термесін орындады. ІІ орынды ерекше дауысымен ерекшеленген, еңбектің елдікке ұйытар кереметін әйгілейтін «Еңбек термесін» әуелеткен қарауылтөбелік Зарина Серікқали, үшінші орынды будариндік Мәдина Нұрсейілова мен базартөбелік Рысгүл Құлахметова иеленді. Мәдина Нұрсейілова Махамбеттің рухқа толы «Мен, мен едім, мен едім...» термесін, Рысгүл Құлахметова «Мен қашанғы жүйрігің термесін» жүрекке жеткізіп шырқап берді.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале