8.11.2016, 11:42
Оқылды: 24

Тұмауға қарсы екпе алу қажет

 %d1%82%d2%b1%d0%bc%d0%b0%d1%83%d2%93%d0%b0-%d2%9b%d0%b0%d1%80%d1%81%d1%8b-%d0%b5%d0%ba%d0%bf%d0%b5-%d0%b0%d0%bb%d1%83-%d2%9b%d0%b0%d0%b6%d0%b5%d1%82Жәнібек аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Нұрлыбек Мұстаевтың мәліметінше 1 қазаннан бастап, аудан көлемінде 1100 адам, соның ішінде 148 медициналық қызметкер, 90 жүкті әйел,  қатерлі топқа жататын 453 бала және 647 ересек жіті респираторлық вирустық жұқпа және тұмауға қарсы екпе алған.

–Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес 2016-2017 жылғы маусымда тұмау вирустары мен тұмау емес басқа респираторлық вирустардың айналымы болжанып отыр. Еліміздің аумағындағы жіті респираторлық вирустық жұқпа мен тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиялық үдерісін сипаттайтын көп жылғы деректерді талдау эпидемиялық маусымды қазан айынан бастап сәуір айына дейін болжауға мүмкіндік береді. Биыл қазан айынан бастап тұмауға қарсы тегін жаппай иммундау науқаны басталды. Сондықтан аудан көлеміндегі барлық мекеме, кәсіпорын және ұйым басшылары қарамағындағы қызметкерлерді жіті респираторлық вирустық жұқпа және тұмау ауруының алдын алуға ақылы екпе жасатуға ықпал етуі керек,-дейді ол.

 

                                                                                       Н.Жапақов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале