25.08.2016, 12:24
Оқылды: 30

Тұрғын үй жаңа сипатқа енбек

уй2          Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауына сәйкес азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мен тұрғын үй жайлылығы деңгейін жаңғырту мақсатында 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарлама мақсаты негізінен алғанда 2020 жылға дейін көппәтерлі тұрғын үйлердің жай-күйін заманауи талаптарға сәйкестендіру болып саналады.


2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама мемлекет тарапынан пәтер иелеріне көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге қайтарымды негізде, ұзақ жылға пайызсыз несие ұсынып отыр.

Осы мақсатта Қаратөбе ауданында биылғы жылы да аталмыш бағдарлама аясында жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Ауданымызда осы бағдарлама бойынша 2013 жылы  Ғ.Құрманғалиев көшесіндегі №4, 2015 жылы Ғ.Құрманғалиев көшесіндегі №6 көп пәтерлі үйлер жаңғыртылған болатын.

Ал, қазіргі таңда Құрманғазы көшесіндегі №30А көп пәтерлі үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Жұмыстарды мердігер мекеме «ЖК Пазылов.М.Г»   (басшысы Пазылов Малик) тамыз айынан бастап жүргізуде. Жөндеу жұмыстарын жоспар бойынша қазан  айының бірінші онкүндігінде аяқтауға ниетті.

Ескірген 5  пәтерлі үйдің шатыры жаңаланып, терезелері ауыстырылып, газ кіргізу жұмыстары жүргізілмекші. Жоба құны 10145,0 мың теңге. Мердігер жергілікті үш тұрғынды уақытша жұмыспен қамтып отыр.

Елбасының сарабдал саясатының арқасында жүзеге асып жатырған мемлекеттік бағдарламаға тұрғындар дән риза.

 Тоты Есқайырова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале