11.11.2016, 12:16
Оқылды: 59

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – уақыт талабы

????????????????????????????????????

 Қаратөбе ауданында аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары» бойынша аймақтық дөңгелек үстел оздырылды.

Шарада аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов кіріспе сөзбен ашып, алыс-жақын аймақтардан келген тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қызметкерлеріне айтулы шараны ұйымдастырғандығы үшін алғысын білдірді.


Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мекемелерінің қызметі туралы және қазіргі кездегі тұтынушылардың құқықтары жөнінде БҚО ТҚҚ департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Эльмира Киматованың баяндамасы тыңдалынды.

 Дөңгелек үстелде тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар әңгімелер қозғалып, бейнекөрсетілім көрсетіліп, слайд түрінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

  • Жарамдылық мерзімі белгіленген тауарға қатысты тұтынушы тауардағы кемшіліктер туралы, егер олар тауардың жарамдылық мерзімі ішінде табылса, талаптар қоюға құқылы.

Егер тауарға кепілдік мерзімі немесе жарамдылық мерзімі белгіленбесе, сатылған тауардағы кемшіліктер тауар тұтынушыға берілген күннен бастап екі жыл шегінде табылған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта бұдан да ұзақ мерзімдер белгіленбесе, тұтынушы тауардың кемшіліктерімен байланысты талаптарды қоя алады, - дейді Қаратөбе аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау  басқармасының басшысы Аманша Төлеуов.

Дөңгелек үстелде сұрақтар қойған кәсіпкерлер мен мекеме басшыларына, қатысушы сала мамандары толыққанды жауаптар берді.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале