22.11.2016, 10:58
Оқылды: 34

"Тұғыры-биік Тәуелсіздік" фестивалі жалғасуда

%d1%82%d2%b1%d2%93%d1%8b%d1%80%d1%8b-%d0%b1%d0%b8%d1%96%d0%ba-%d1%82%d3%99%d1%83%d0%b5%d0%bb%d1%81%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba-%d1%84%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b8%d0%b2%d0%b0%d0%bb%d1%96-%d0%b6%d0%b0Жаңақала ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» атты мекеме ұжымдары фестивалінің эстафетасын осы аптада аудан орталығындағы №3 ЖББҚМ жалғастырды. Бұл концертке аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева қатысты.

Алдымен фестивальға жиналғандар мәдениет үйі фойесіндегі оқушылардың қолынан шыққан қолөнер көрмесін тамашалады. Бұл фестиваль көрмеге қойылған балалар туындыларының ішінде еліміздің бренді «Бәйтерек», киіз үй, басқа да ұлттық бұйымдарды шетелдік қонақтарға үш тілде таныстыруымен ерекшеленді. Көрмеде ұлттық бұйымдармен қатар техника, суреттер, бейсермен тоқылған дүниелер қойылған.

Мерекелік концерт «Гүлдәурен» би-ансамблінің орындауындағы қазақ биімен түрілді. Одан әрі мектептің ұстаздар қауымы  ел халқының тәу етер киесіне айналған тәуелсіздікті әнге қосты.

Әсіресе, қашан да талғамы жоғары көрерменді ерек өнерді меңгерген мектеп оқушысының құмнан ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын арнап салған кескіні сүйсінтті.

Кеш мектеп ұжымынан құрылған хордың орындауында Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындыланды.

Н.Есетова

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале