6.09.2016, 12:17
Оқылды: 22

Тәуелсіздікке тарту

КамыстыЖәнібек ауданының мәдениет және демалыс саябағында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қамысты ауылы көркемөнерпаздарының ұсынуымен  «Тәуелсіздікке тарту» атты мерекелік кеш өтті. Кеш Зарина Мұханбедиярованың «Елге сәлем» әнімен ашылып, «Гүлзар» бишілер тобының «Қазақ» биімен жалғасты. Әрі қарай Қамысты ауылдық округінің әкімі Асқар Сәрсенғалиев құттықтау сөз сөйледі. Сахнада  «Күншуақ» әжелер ансамблі «Жайлаукөл кештері», «Оралым» әндерін, Серік Сүлейменов «Туған жер», Зәуреш Төлеуова «Тәуелсіздік», «Цвети моя земля», Күнтуған Досқалиев «Туған жер», Венера Суровцева «Атамекен», Мүслим Қарағойшин «Қазақстан» әнерін шырқаса, аспапты ансамбль орыс әндерінен попурри орындады. «Гүлзар» бишілер тобы «Орыс», «Сыған» билерін биледі. Ертілеу Қарағойшин С.Тұрысбековтың күйі «Көңіл толқынын» күмбірлетті. Кеш «Қазақстан бақыты» әнімен өз мәресіне жетті.

  Айша Тілекқызы

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале