9.11.2016, 10:39
Оқылды: 12

Тәуелсіздікке тарту

%d1%82%d3%99%d1%83%d0%b5%d0%bb%d1%81%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba%d0%ba%d0%b5-%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%82%d1%83      Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіз таң нұры» атты аудандық фестиваль аясында «Ақбөпе», «Балдырған», «Бөбек» балабақшаларының ұйымдастыруымен концерт бағдарлама өтті.

Алдымен шараға жиылған жұртшылық балабақшалардың қойған қолөнер туындыларын тамашалады. Мұнан соң концерттік бағдарлама өз жалғасын тапты. Сахына шымылдығын М.Арапбаеваның орындауындағы «Қазақ елі, осындай» әнімен А.Жайлығұлова ашты. Сондай-ақ  А.Дәуеннің «Тәуелсіздікке толғау» атты өлеңін А.Жұматов оқып шараның шырайын кіргізді.

Шара барысында Ибрагим Ескендірдің «Көк тудың желбірегені» әнін трио орындап халықтың қошеметіне бөленсе, Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін хормен айтып, жұртшылықтың ыстық-ықыласына кенелді.

Е.Елекенов

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

 

        

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале