21.10.2016, 17:24
Оқылды: 46

Тәуелсіздікке- тағзым, табиғатқа тарту

%d1%82%d3%99%d1%83%d0%b5%d0%bb%d1%81%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba%d0%ba%d0%b5-%d1%82%d0%b0%d2%93%d0%b7%d1%8b%d0%bc-%d1%82%d0%b0%d0%b1%d0%b8%d2%93%d0%b0%d1%82%d2%9b%d0%b0-%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%82 Шыңғырлау ауданында ел Тәуелсіздігін ұлықтаған, осынау мерейлі мерекенің 25 жылдығы қарсаңындағы тағлымды шара жүзеге асырылды. Aудан қариялары, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, ауданымыздың қадірменді үлкендері аудандық саябақта жас ағаш көшеттерін отырғызды. Табиғатты тыңайтып, аудан ажарына сән қосқан шараға қарттармен бірге аудан жастары, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік мекемелер ұжымы да атсалысты.

«Тәуелсіздікке тағзым» тақырыбында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қолға алынған шараның мақсаты да аудан көркін арттырып, сәнді ету, табиғатқа қамқорлық және осы бағыттағы ұрпақтар сабақтастығы -  аға буынның өскелең ұрпаққа үлгі-өнегесі, мирасы, өскен ұяға, ортаға, ауыл мен аймаққа қамқорлығын насихаттау, мамыражай тыныштық пен татулық, берекелі бейбітшілікке, екпінді дамуға алып келген Тәуелсіздігіміздің құндылығы, маңызын ұрпақ бойына сіңіру болатын.

Бірі көшеттерді ұстап, екіншісі топырақ тастаған ата-әжелермен иық тіресе қимылдаған жастар әр көшетке шелектеп су тасып, ауқымды жұмысты әп- сәтте еңсерді. Осылайша, саябақ көркіне сән қосып, аға буын мен бала ұрпақтың үндесе үйлескен ортақ ісінің сәтті орындалуына сеп болған акция аясында саябақтың жаңа бір аумағы жас көшеттерге толды.

Көшеттер негізіне қайыңдар, көктеректер мен жиде ағаштарының өскіндері. Бұл жұмыс алдағы қара күзде де шырша тұқымдас көшеттерді егумен жалғасатын болады.

Айта кетейік, аудан бойынша осы күздің екі айында 5473 түп ағаш егілді.

Қаршыға Елемесов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале