11.10.2016, 16:36
Оқылды: 32

«Тәуелсіздік таң нұры»

 %d1%82%d0%b0%d1%83%d0%b5%d0%bb%d1%81%d0%b8%d0%b7%d0%b4%d0%b8%d0%ba-%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d0%bd%d1%83%d1%80%d1%8b1        Таяуда Мереке ауылында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таң нұры» атты шара өткізілді.


Мерекелік шараның ашылу рәсімінде ауылымыздың әкімі Рауан Бермұханов келген қонақтарға, ауыл тұрғындарына қош келдіңіз айтып, мерекелерімен құттықтады. Округіміздің тарихы таныстырылып, Мереке ауылдық округінің құрылғанына 84 жыл толуына орай Галиулла Сүндетов атамыз «Ауыл құрдасы» деген марапатқа ие болып, алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді. Шараға қатысқан аудан әкімі аппаратының басшысы Медет Мырзаш пен аудандық мәслихат хатшысы, Мереке  ауылдық округінің депутаты Сансызбай Рахимов та құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Демеушілер атынан  ауыл үлкендеріне табысталған гүлдер де одан сайын көңіл күйді жадырата түсті. Бағдарламада мерелік концерт, бәйге, алтын қабақ, жүгіруден жарыс, қазақ күресі, арқан тарту және қой көтеруден жарыс өткізіліді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, кәуаптар мен қуырдақтар, тағы да басқа тағамдар сатылды. Қаладан, аудан орталығынан, көрші ауылдардан келген қонақтар өткізілген шараға ризашылықтарын білдіріп жатты. Ендігі бар тілегіміз бен мақсатымыз тәуелсіздігіміз баянды болып, тәуелсіздікпен келген халық рухының асқақтығы мәңгілік болғай!

 

 

Серік Мұханбеталиев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале