2.09.2016, 11:42
Оқылды: 18

Тәңірдің тәтті сыйы – Тәуелсіздік

DSC_0035  Аудандық мәдениет және демалыс саябағында Күйгенкөл ауылдық округінің көркемөнерпаздары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәңірдің тәтті сыйы – Тәуелсіздік» атты мерекелік кеш ұсынды. Кеште Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі Әлия Болатқызы құттықтау сөз сөйлеп, кезекті өнерпаздарға берді. Кеш  «Саған, халқым» әнімен ашылып, Замзәгүл  Құтиева «Тәуелсіздік толғауы» өлеңін мәнерлеп оқыды. Светлана  Шоханаева халық әні «Айқаракөз», Асылхан Забихуллин «Қазақстан» әндерін орындады. Балапан байқауының жүлдегері Нұртілеу Аманкелді «Туған ел» әнін шырқап, көпшіліктің ықыласына бөленді.  Әрмен қарай мың бұралған биші қыздар  «Қазақ», «Өзбек» билерін билесе, «Ақ әжелер» ансамблі халық әні «Әгугай», «Күн дидарлы Қазақстан», Асем Ғайнуллина «Атамекен», Шоханаевтар «Аққу арман», Рауль Берікұлы «Қазақстан», Аманкелді Нұртілеу «Байтақ елім – Қазағым», Светлана Шоханаева «Зерегімсің» әндерімен жиналған қауымның көңілінен шықты. Ауылдың  ақсақалы Хаммат Исмақов Түркештің күйі «Көңілашарды» күмбірлетті. Мерекелік көңіл-күй сыйлаған кеш «Атамекен» әнімен жабылды.

Айша Құрмаш

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале