24.10.2016, 11:37
Оқылды: 102

Төсбелгімен марапатталды

%d1%82%d3%a9%d1%81%d0%b1%d0%b5%d0%bb%d0%b3%d1%96%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d1%82%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b  Шыңғырлау ауданында кітапхана саласында 1980 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан жандардың бірі - Гүлсім Фазылқызы Қуанаева. 1996 жылдан бері ол аудандық орталықтандырылған кітапханасы директоры қызметін атқарып келе жатқан Гүлсім Фазылқызы жуырда өткен аудан күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы атынан берілген  «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгімен марапатталды.


Ұзақ жылғы еңбек пен сала шеберлігіне ұсынылатын ерекше төсбелгіні   аудан әкімі Альберт Есалиев Гүлсім Фазылқызына салтанатты түрде табыс етіп, құттықтап, еңбегіне табыс тіледі.

www.zhaikpress.kz

Гүлшат Ибрагимқызы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале