17.11.2016, 10:30
Оқылды: 18

Төтенше жағдайларға дайындық пысықталды

 %d1%87%d1%81            Қаратөбе ауданында алдағы қыс кезеңіне дайындық шеңберінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2016 жылғы 18 қазандағы бұйрығымен "Қысқы кезең жағдайларында төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды дайындау және жүргізу" тақырыбына "Қыс - 2016" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.


 

 Азаматтардың қауіпсіздігіне, төтенше жағдайларға жедел ден қоюға әзірлігін қамтамасыз ету үшін ТЖМ қысқы кезеңге дайындық бойынша кешенді жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Оқу-жаттығу барысына аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Рашид Иманғалиев қатысып, сөз сөйледі.

Аудандық азаматтық қорғау қызметінің мекемелері арнайы қысқы киім үлгісі және құрал-саймандарымен таныстырып, төтенше жағдайдың алдын алу барысындағы міндеттерді баяндады.

- Қоғамның басты байлығы  – адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы, - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Манас Шайхиев.

 

Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале