16.08.2016, 10:37
Оқылды: 29

Учаскелік полиция пункті ашылмақ

article19918Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімінің материалдық-техникалық базасы жыл өткен сайын қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен толығуда. Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Ернар Сұлтанғалиевтің мәліметіне қарағанда аудандық ішкі істер бөлімінің үстіміздегі жылға арналған іс-жоспарына сәйкес Тау, Қамысты, Ұзынкөл ауылдарындағы учаскелік полиция инспекторлары қызметтік баспанамен және 9 ауылдық округтердегі қоғамдық тәртіп сақшылары су жаңа компьютерлермен қамтамасыз етілмек. Сондай-ақ, Жәнібек ауылында учаскелік полиция пункітін ашу көзделінуде. Аудан әкімдінің қолдауымен бүгінгі таңда аудан орталығында 4 бейне камера орнату және жылдамдық өлшейтін құрал сатып алу мәселесі шешімін тапқан.

                                                                            Н.Өтей

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале