27.10.2016, 19:04
Оқылды: 17

Уәлиолла Ғаббасовтың туғанына 75 жыл

%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%b9%d1%81%d0%b0%d0%bd        Cаналы ғұмырын ауданымыздың мәдениетіне арнаған білікті басшы, қарымды қаламгер марқұм Уәлиолла Ғаббасовтың өмірден өтіп кеткеніне 12 жылдың жүзі болыпты. Осынау абзал азаматтың туғанына 75 жыл толуына орай аудандық мәдениет үйінде «Жаны жайсаң жан еді» атты еске алу кеші өтіп, оның өмірі мен қызметіне арналған көрме жасақталды.

Айтулы шараны алғы сөзімен ашқан аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов У.Ғаббасовпен тікелей таныстығы болмаса да, осынау жарқын жүзді азаматтың еңбекқор, өз ортасында бедел иесі болғаны туралы кезіндегі қызметтестері мен құрбы-құрдастарының сөзінен есітіп-білгенін айта келіп, шараның тәлім-тәрбиелік маңызына тоқталды. Әрі көпшіліктің қолдауымен зайыбы Төреғанымға камзол кигізіп, иығына орамал жапты.

           У.Ғаббасовтың қара шаңырағының қабырғасына орнатылған ескерткіш тақтаның жамылғысын Нұрлан Сағынтайұлы мен Каримолла Ғайсаұлы сыпырды.

А.Хамзин

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале