10.10.2016, 11:40
Оқылды: 13

Филиал төрағасының кезекті қабылдауы

dsc_0080          «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында филиал төрағасы,  аудан әкімі Асхат Шахаров  аудан тұрғындарын қабылдады.


Бұл жолғы қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың көпшілігі жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесін алға тартты.

Сулыкөл ауылдық округінен келген Кенжегүл Жумина жұмысқа орналасуға  көмек сұрады. Оның өтінішін тыңдаған аудан әкімі оң шешімін табатындығына тоқталды.

Қабылдауға келген  Шөптікөл ауылының тұрғыны  Айнаш Жумина   тұрғын үй мәселесі бойынша өтінішін айтты.

Филиал төрағасы Асхат Берлешұлы тұрғындар тарапынан  көтерілген мәселелері бойынша тиісті орындарға тапсырмалар берді.

 

Тоты Есқайырова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале