3.10.2016, 16:22
Оқылды: 18

Хаби Рамазанов атындағы сынып ашылды

%d1%85-%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2Ұлы Отан соғысының ардагері, саналы ғұмырын ағарту ісіне арнаған, білікті педагог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болған, Жымпиты орта мектебін облыстағы алдыңғы қатарлы мектептер санатына қосқан, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Жымпиты балалар үйін басқарған Хаби Рамазановтың  ұлдары Есентай, Кенжетай және қызы Гүлбақша бастаған ұрпақтары ауданымызға келіп, Ұстаздар күніне орай жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте Х.Рамазановтың сыныбының ашылу рәсіміне қатысты.

Сынып ашылмастан бұрын  Хаби Рамазановтың ұрпақтары мен шәкірттері мектеп ауласына шырша отырғызды. Х.Рамазановтың сыныбының ашылу рәсімінде ұлы Есентай Рамазанов пен ардагер ұстаз Ким Николаевич Федянин лента қиды. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзагүл Ерғазиева құттықтау сөз сөйлеп, заманауи үлгідегі сынып ашып бергені үшін  ардагер ұстаздың ұрпақтарына алғысын білдірді. Қонақтар сыныппен танысып, оқушылардың қойған әдеби монтажын тамашалады. Хаби атаның қызы Гүлбақша Рамазанова сыныпты қалай жабдықтағанын әңгімелеп берсе, шәкірті Энгельс Шыңғали өлең оқыған оқушыға разы болып, кітабын табыс етті.

Шара мектептің акт залында жалғасып, мұнда мектептің қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінің мұғалімдері, оқушылар, ардагер ұстаздар жиылды. Аудандық мәслихат депутаты Шынар Дүйсенғалиева аудан әкімдігі атынан құттықтау сөз алып, Хаби Рамазановты сырымдықтар әрдайым естерінде сақтайтынын айтып, ұрпақтарына разылығын білдірді. Ардагер-ұстаз К.Федянин, М.Ахметқалиева,  Хаби Рамазановтың ұлы  К.Рамазанов, шәкірттері А.Жүсіпов, Э.Шыңғали, ұлы Есентайдың сыныптас достары, ақындар Тілес Жазықбай мен Үзілдік Елеубаевалар мінберге көтеріліп, Хаби Рамазанұлы жайында естеліктердің тиегін ағытты.

Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп оқушылары концерт қойды.

Шынар Молданиязова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале