26.09.2016, 14:24
Оқылды: 23665

Хаби Халиуллин атындағы 2036 әскери бөлімінің құрылғанына 11 жыл

2036-%d0%b2%d0%be%d0%b9%d0%bd%d1%81%d0%ba%d0%b0%d1%8f-%d1%87%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8c1                 Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2036 әскери бөлімінің құрылғанына  11 жыл толуына арналған мерекелік концерт оздырылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалған соң, әскери бөлімінің командирі подполковник Тілек Исханов өзінің құттықтау сөзінде 2005 жылдың  24 қыркүйегінде  Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығымен  Орал шекара отрядының базасында  Жәнібек шекара отрядының құрылғанын, бүгінгі таңда  отрядтың Қазақ-Ресей  мемлекеттік шекарасының  600 шақырымнан астам жерін қырағы күзетіп отырғанына, 2006 жылдың 31 мамырында «Жақсыбай» шекара заставасына әскери комиссар Хаби Халиуллиннің есімі берілгендігін айтып, өзі жетінші командирі болып табылатын отрядтың өткен тарихына шолу жасады.

     Он бір жылдың ішінде  өзіндік  ізгі жауынгерлік дәстүрді қалыптастырып,  жоғары жетістіктерге қол жеткізудің сыры  келісімшарт бойынша әскери қызметкерлердің, прапорщиктер мен офицерлердің, жұмысшылар мен қызметкерлердің тізе қосып бірігіп атқарған еңбегінде жатқандығына тоқталып, мемлекеттік шекараның беріктігі –  шекара шебін қорғайтын сарбаздан бастап, барлық қаруластарының қырағы қызметіне  байланысты екендігін айтты.

        Әріптестеріне алғаусыз тілегін  келісімшарт әскери қызметкерлері атынан сержант Баян Тұрсынбекова, қызметкерлер атынан Бақыт Есенғалиевалар  жеткізді.

     2036-%d0%b2%d0%be%d0%b9%d0%bd%d1%81%d0%ba%d0%b0%d1%8f-%d1%87%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8c2Әскери бөлімнің командирі подполковник Тілек Ихсанов  қызметтік  міндетін адал орындағаны, қызметте  қол жеткізген  табыстары  үшін мерекеге орай әскери қызметшілер мен қызметшілерінің бірқатарын марапаттады.

Сондай-ақ, жаппай бүқаралық шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетіп, отрядтың  қоғамдық -мәдени өміріне  белсене қатысып жүрген аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұжымына алғыс хат  табыстады.

 Мерекелік концерттің шымылдығын «Ақмаржан» халықтық би ансамблі «Шаттық» биімен ашты.

Шынар Каюпова  орындаған «Туған жер», Райымбек Кәрімов әуелеткен  «Сағынып келем ауылға»,  шекарашы сарбаздар Серікжан Тасболатовтың домбырамен асқақтата салған «Ақ бұлақ», Дияс Бекбосынның Шәмші әндерінен шырқаған попурриіне  көрермендер ризашылықпен қол соқса, Ақтоты  Ешматова орындаған «Бұлбұл» әніне деген қошемет ерекше болды.

                         Айшат Хамзинаның «Халқыма», дуэттің сызылтқан «Махаббат жыры» әндері өз бояуымен құбылды.

Ербол Бекесов асқақ рухпен шырқаған  «Атамекен» әнімен мерекелік шара өз мәресіне жетті.

Меңдігүл Фазылова

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале