27.09.2016, 10:13
Оқылды: 24

Цех жұмысы серпінді

%d1%86%d0%b5%d1%85Шыңғырлау ауданы орталығында аудан тұрғыны Әлнұр Битимбаевтың «Битимбаева С.» жеке кәсіпкерлігі керамзитті құрылыс блок-кірпішін құюда. Цех толық қуатында жұмыс жасап тұр, цех ауласындағы әдемі жиналған кірпіштер осының айғағы. Кірпіштердің сыртқы қабырғаларын қалайтын (20х40х20) және ішкі қабырғаларға арналған (20х40х10) түрлері шығарылуда.  Қазір жас кәсіпкер өрнектас (брусчатка) құюды қолға алды. бүгінгі таңда осы өрнектастың бірнеше түрін шығарып жатыр. Бағасы өрнегіне қарай 1 шаршы метріне 1700-2000 теңге. Бұл қала бағасынан біраз төмен, себебі, қала бағасы шаршы метрінен 2200 теңгеден бастау алады.

Цех жұмысы бетонды-шағыртасты шығыршықтар(кольцо) құюды да жүргізіп жатыр. Бұл қажетті құрылыс материалының да екі түрі: диаметрі 1 және 1,5 метрлігі жасалынуда. Бағасы қала бағасымен бірдей, яғни, 12-15 мың теңге.

Тұрақты жұмыспен қамтылған цех жұмысшылары 70-75 мың теңге  айлық жалақысын алып отыр. Бұған қосымша әр жұмысшының зейнетақы қорына да уақтылы тиісті төлемі жүргізілуде.

- 8 сағаттық жұмыс уақыты белгіленген. Айлығымыз жақсы, бұл көңілімізге қонады,- дейді цех жұмысшылары Абылай Кәрімов пен Тайман Жұмабеков.

 

Қаршыға Елемесов

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале