28.07.2016, 18:10
Оқылды: 68

Шабдаржап тұсына аялдады

Шабдаржап тұсына аялдады  «Жайық – Орал» дәстүрлі экспедициясына қатысушылар бүгін сәскеден кейін Тайпақ ауылдық округіндегі Шабдаржап елдімекені тұсына аялдады.


Шабдаржап тұсына аялдады2

Тұрғындар оларды ықыласпен қарсы алып, қошемет көрсетті. Үлкен аудан жұрты атынан экспедиция ұжымын аудан әкімі орынбасары Тимур Шиниязов құттықтады. Өзен бойымен жүзушілер Шабдаржаптық оқушыларға спорттық құралдар сыйлады, ауыл кітапханасына «Бассейн Урала» атты кітаптың даналарын сыйлады. Ақжайықтықтардан оларға естелікке Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып аудан шығарған «Өз өлкеңді өзгеден бұры таны» атты кітаптар тапсырылды.Шабдаржап тұсына аялдады3

Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале