29.07.2016, 17:46
Оқылды: 45

Шаруа мәселесін шешуді көздеген жиын

Зеленов ауданы орталығында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлердегі тұрғындарды жұмыспен қамту және жұртшылық шаруашылықтардың әлеуетін пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу мәселелерін шешудің жодарын қалыптастыру жайын талқылаған кеңес отырысы өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Берік Нигмашев, БҚО ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Серік Нұрмағанбетов, ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлім, мекеме басшылары және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалық иелері қатысты._DSC0002

Жиын қатысушыларына жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, ауылшаруашылық өнімдері өндірісінің көлемін арттыру жайында түсінік берген Берік Болатұлы: -2015 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 675 мыңнан астам адам жеке қосалқы шаруашылық жүргізумен айналысады. Сүт және еттің 70-80 пайызы жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Алайда мал шаруашылығы өнімдерінің аталған көлемі өнімдерді дайындау және өткізу мәселелерінің шешілмеуіне байланысыты қайта өңдеуге жеткізілмейді. Осының салдарынан қайта өңдеуші кәсіпорындар тек 60 пайызға ғана жүктелген. Осыған орай, негізгі шара ретінде біз ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылымындағы шарушылықты жүргізудің шағын формаларын дамытуды ұсынамыз. Олардың біріншісі сүт қабылдау пунктерінің желісін құру, екіншісі отбасылық бордақылау алаңдарын құру._DSC0008

Қазіргі таңда  жұмыс істеп тұрған сүт зауыттарының жүктемелілігі 64 пайызды құрайды. Қолданыстағы қуаттылықтары қосымша 680 мың тонна сүт өңдеуге мүмкіндік береді. Біздің есебіміз бойынша бүгінде жеке қосалқы шаруашылықтары сүт зауыттарына 1,3 миллион тоннадан астам сүт жеткізуге дайын. Біз бұны жұмыс істеп тұрған сүт өңдеуші кәсіпорындармен жүргізген сауалнама қорытындысынан шығардық. Аталмыш сауалнамаға қатысқан 152 кәсіпорынның 93-і жеке қосалқы шаруашылықтардан 380 мың тонна сүт сатып алуға дайын екендіктерін айтса, 59 кәсіпорын таза шикізат сатып алуға қызығушылық танытпады. Себебі олардың өндірісі құрғақ сүт пайдалануға негізделген,-деп  ауыл шаруашылық кооперативтерін құру арқылы сүт өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға берілер сүт көлемін арттыруға болатындығы мен құрылған кооперативтерге несие алып, кәсіпкерлігін ашып алуға да мүмкіндік барын айтты. Сондай-ақ кооператив құрып, сүт қабылдау пунктерін ашқандарға ҚазАгро тарапынан несие және лизинг ұсынылатынын да тілге тиек етті. Бұл ауылшарушылық кооперативтерін құру ісі мен олардың несие алу жайын ыңғайластыру тікелей ауылдық округ әкімдеріне жүктелетіндігін де айтқан ол отбасылық бордақылау алаңын құрудың тиімді жақтарына да тоқталды. Содан соң жиналғандар келген қонаққа өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. алғашқы сұрақ өңіріміздегі шағын сүт өңдеуші цехтардағы шикізат сақтайтын орындардың тар болуына байланысты 2 тоннадан артық сүт қабылдамайтын жағдайлар да кездесетіндігі жайында болды. Бұл сұраққа Берік Болатұлы алдағы уақытта облысымызда үлкен сүт өңдеу зауыты ашылады. Сол кезде ауылдағы ағайынның сүт сату мәселесі оң шешімін табатын болады деп жауап қайырды. Бұдан соң сүт өңдеуші цех иесі Сергей Михайлович сөз алып, өзі басқарып отырған цех толық күшімен_DSC0004 жұмыс жасауға кірісетін болса, ауданның біраз округіндегі сүт тапсырушылардың мәселесі шешілетінін баса айтты. Кейін аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Виктор Баштавенко: -Біздің ауданға толған сүт сақтаушы пунктер емес, сүт өңдеуші цехтар мен зауыттар керек. Мемлекеттен берілер түрлі несиелер мен жеңілдіктер сүт сақтайтын орын ашқан адамға емес, сүт өңдейтін орын ашқанға берілуі керек,-деген ойын жеткізді. Сондай-ақ жиынға келген мал өсіруші кәсіпкерлер де өз ойларын айтып, мал сою цехтары сойған малдың көк еті мен майын, терісін де қалдыратындығын және өлшеу кезінде салмақ жейтін жайттар кездесетіндігін айтты. Бұл мәселелерден де хабардар болып шаққан министрліктің өкілі алдағы уақытта аталған мәселе оң шешімін табатынына уәде берді.

Барлық ұсыныстар мен сұрақтарды тыңдаған Берік Нигмашев: -Менің ауданға келгендегі мақсатым өңірдегі кәсіпкерлердің жұмысымен, халықты мазалаған мәселелермен танысып, елдің пікірін жоғарыға жеткізу болды. Барлықтарыңызбен кездесіп, пікірлеріңізді білгеніме қуаныштымын,-деп жиынды қорытындылады.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

WWW.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале