2.09.2016, 11:52
Оқылды: 69

Шаршы тақта үстіндегі жастар ойыны

Дойбы    ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қаратөбе аудандық М.Мералиев атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен  жастар арасында «Мықты болсаң, жеңіп көр!» атты спорттың дойбы, шахмат түрлерінен жарыс оздырылды.


Ойыншылар шаршы тақта үстінде тез ойлауға, тез шешім қабылдап, алма-кезек жүріс жасап, жақсы ойын көрсетіп бақты.

Ойын барысында жастардың математикалық қабілеттіліктеріндегі   қайраттылық, табандылық, намысқойлық сынды қасиеттері, сондай-ақ жеңіске жетуге деген құштарлықтары байқалды.

Жарысқа «Нұр Отан» партиясының Қаратөбе филиалының, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары қатысты.

Жарыс қорытындысында шахмат ойынында І орынды Айбар Қайырмұхамбетов, ІІ орынды Айгүл Арыстанова, ІІІ орынды Әмірхан Сисенғали иеленді.

Ал, дойбыдан І орынды Дулат Наушекенов, ІІ, ІІІ орынды Гүлзира, Жұпар Есқайровалар өзара бөлісті.

Жеңімпаз-жүлдегерлерге дипломдар мен кітаптар сыйға тартылды.

 

Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале