18.07.2016, 9:55
Оқылды: 41

Шыңғырлауға шегірткеден қауіп жоқ

5747d8a562683Screenshot_27Ауыл  шаруашылық мамандары биыл  шегірткеден қауіп жоқ екенін айтты. Себебі өткен жылы  шегірткеге  қарсы атқарылған  жұмыстар  жақсы нәтиже беріп, есесіне егістік пен далалықтар  жайқала өсуге мүмкіндік  алды.

 


Өткен жылы мамандар Шыңғырлау ауданындағы шегіртке ошақтарын жою мақсатындағы жоспарлы жұмыстарды  айтарлықтай жүргізген-ді. Нақтылап айтсақ,  Алмаз аумағында 200 гектар, Ащысайда -1000 гектар, Белогорда - 500 гектар, Полтавада - 200 гектар, ал Шыңғырлау ауылдық округінде - 800 гектар, барлығы 3000 гектар жер шегірткеге қарсы дәріленген. Енді міне,  биыл ауданымыздың шаруашылық құрылымдары да жеке тұрғындар да  шегірткеден құтылып,  ауыл шаруашылық жұмыстарын еркін   атқаруда.

www.zhaikpress.kz
Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале