12.07.2016, 10:40
Оқылды: 55

Шегіртке дернәсілі байқалған алқапты дәріледі

Шегіртке дернәсіліАқжайық ауданының Алмалы және Тайпақ ауылдық округтеріндегі ауылшаруашылық қоры жерінен үйірсіз шегіртке дернәсілі байқалғаны туралы фитосанитариялық-диагностикалық орталықтың хабарламасына сәйкес, тиісті шара алынды.


 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына хабар түскеннен соң-ақ, арнайы 2 «КамАЗ» автомобиліндегі қондырғылармен "Магтоксин» ЖШС жұмысшы-қызметкерлері Алмалыда 3000, Тайпақта 650 гектар алқапты дәріледі. Аудандық ауыл шаруашылығы бөліміндегі мамандардың айтуынша, үйірсіз шегірткеден келер қорқыныш жоқ, тиісті мониторинг жүргізіліп отыр.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале