7.11.2016, 10:56
Оқылды: 28

Шекарашылар көпшілікке әуезді кеш сыйлады

%d1%88%d0%b5%d0%ba%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%ba%d3%a9%d0%bf%d1%88%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%ba%d0%ba%d0%b5-%d3%99%d1%83%d0%b5%d0%b7%d0%b4%d1%96-%d0%ba%d0%b5%d1%88-%d1%81%d1%8b   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Орда ауылы, Шоңай елді мекені мен Бөкей Орда ауданы оралығы – Сайқынға №2036 әскери бөлімінің шекарашылары Жәнібек аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарымен бірге концерттік бағдарламасымен шығып, мәдениет үйіне жиналған көпшілікке әуезді кеш сыйлады.


Ел тарихына қысқаша шолу жасаған жүргізушілер, бүгінгі күннің бақытын жыр шумақтарымен өрсе, ізінше сахнаға көтерілген әншілер Райымбек Кәрімов «Ассалаумағалейкум», «Сәлем, елім!», Қуат Ахметов «Жәнібек шекара жасағы», «Погран воисках служит почетно», «Байқамаймыз» әндерін әуелетті. Ербол Бекесов «Егемен Қазақстан», Жәнібек ауылының «Қайрат» заставасында қызмет атқарып жүрген жерлесіміз Райымбек Өтеғалиев «Шекарасы қазақтың», «Погран застава», «Дала дарындары» байқауының ІІІ орын иегері Дана Қаратаева «Туған жер», сайқындық Қайырбек Есенғалиев «Айбынды шекарашы», Диас Бекболсын «Туған жер», «Ақ бантик», Зәуреш Асқарова «Земля моя», дуэттік (Райымбек Кәрімов пен Дана Қаратаева) орындауда «Мұңайма» әндерін шырқаса, «Назерке» би ансамблі назды биден шашу шашты.

Шырайлы кешті патриоттық «Атамекен» әнімен қорытындылаған Отан қорғаушылар мәдени тапсырманы да мінсіз атқарды. Сонымен қатар олар тек тыныштығымыздың қырағы сақшылары ғана емес, орайы келгенде бейбіт ел сахнасының сәнін келтіретіндіктерін де анық аңғартты, жұртшылықтың қошеметіне бөленіп, тыңдарманын бір таңдантты. Аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, естелік сыйлық табыстады.

Г.БАДЕЛОВА

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале