14.09.2016, 11:06
Оқылды: 22

Шырайлы Шымкентке жолдама

%d1%88%d1%8b%d0%bc%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d1%82%d0%b6%d0%be%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d0%bc%d0%b0Орал қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  тоғызқұмалақтан облыстық ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей және жекелей-блиц чемпионаты оздырылды. Бұл жарысқа 6 команда, 100-ден астам ойыншы қатысты. Дүбірге толы облыстық ой додасында Жаңақала аудандық спорт мектебінің спортшылары да бақ сынады.

Сайыс қорытындысында Қайрат Маратұлы жаттықтыратын спортшыларымыз жүлдемен оралды. Атап айтсақ, әйелдер арасында тұңғыш рет 16 жасар Шынар Мұратова I орынды еншіледі. Ал, 10 жасар Камила Гафарова II орынды, 9 жасар Інжу Қайржанова мен 12 жасар Аяжан Магзумова III орынды олжалады. Спортшыларымыз жас болса да үлкендермен иық тіресіп, шебер ойын өрнегін көрсетіп, ақыл-ойларының өзгелерден озық екенін дәлелдеп келді.

Айта кетейік, осы жарыстың жүлдегерлері шырайлы Шымкент қаласында өтетін ел біріншілігіне жолдама алды.

Сонымен қатар, жақында Астана шаһарында өткен тоғызқұмалақтан «Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы» кубогі үшін республикалық турнирінде Шынар Мұратова  II орынды қанжығасына байлады.  Аталмыш республикалық жарысқа 16 команда, 200-ден астам ойыншы қатысқан. Солардың ішінен топ жарып, өзінің мықтылығын, ойының ұшқырлығын танытқан Шынар Тимурқызы ауданымыздың мерейін тағы бір мәрте асқақтатты.

Алтынбек Серікқалиұлы

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале