3.10.2016, 12:10
Оқылды: 19

Шыңғырлаудағы қариялар үйіндегі мереке

%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b8%d1%8f%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d2%af%d0%b9%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d0%b3%d1%96-%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5Елімізде аталып өтіп жатқан халықаралық қариялар күні қарсаңында Шыңғырлау аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және үйден арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің ұйымдастыруымен ардагерлер мен мүгедектерге арналған әлеуметтік-медициналық орталығында көңіл тебірентерлік мереке сәті ұйымдастырылды. Жастық жалындары мен бар күш-қайраттарын туған өлкелерінің өсіп-өркендеуіне жұмсап, тағдырдың жазуымен осы мекенді тұрақ еткен жандарға барынша қамқорлық жасалған бұл жерде бүгінде 13 қария күтімге алынған.

Осы айтулы күні арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюпов қарттарды құттықтап,  аудан тарихының парағына қалдырған сіздердің еңбектеріңіз үшін әрдайым алғыс айтамыз. Дендеріңіз сау, ұзақ өмір тілейміз дей келе осы мекеменің директоры Х.Әбдуғазиевке ескерткіш сыйлық және тәтті дәмді табыс етті. Осы басқосуға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі К.Таңатов та игі тілегін жеткізді.

Шараға арнайы келіп  мекерекелік ән-шашуларын жолдаған аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Қ.Қадыралиеваға, Ә.Жұбаниязов пен М.Байғалиевқа, Б.Сарсенова мен А. Қалиевке, Ш. Байбековке қариялар ризашылықпен қол соғып, бәр сәт мынау алдамшы өмірдің кірбіңін естен шығарғандай еді.

Нұргүл Жұмағұлова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале