17.08.2016, 11:21
Оқылды: 16

Шыңғырлауда жұмыспен қамту жүйелі жүргізіліп жатыр

Жұмыспен қамту жүйелі жүргізіліп жатыр Биылғы жылы Шыңғырлау ауданы бойынша 18 шаруа қожалығы ашылып, оларға жалпы көлемі 13203 га жер учаскелері берілді.


Ащысай және Шыңғырлау ауылдық округтерінде  62 га су көлтабандарының құжаттарын сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аудан орталығында бетоннан құрылыс материалдарын даярлайтын «С.Битимбаева» кәсіпкерлігі іске қосылды. Бүгінде экономиканың барлық саласында 97 жұмыс орны ашылды. 2016 жылдың 1шілдедегі жағдайы бойынша жұмыссыздар саны 158 адамды құрап, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,25 %-ға төмендеп отыр. Жұмысқа орналасқандар саны-184 адам.

«Дипломмен-ауылға» бағдарламасына сәйкес 20 жас маманға 63 млн. 630 мың теңге қаржы бөлініп, 11 маманға 31 млн.815 мың теңге бюджеттік несие берілді.Жұмыспен қамту жүйелі жүргізіліп жатыр1

«Жұмыспен қамту-2020: Жол картасы» бойынша 60 млн. теңге бөлініп,10 адам жеке шаруашылығын кеңейтуге, 1 адам дәмхана ашуға несие алған. Несие беру арқылы жаңа 23 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.  Осы бағдарламаның ІІІ бағыты бойынша 3 млн. 81 теңге бөлініп, 23 әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды.

Жастар практикасына 6872,0 мың теңге бөлініп, 30 жас маман тиісті салаларға тағлымдамадан өтуге жолданды.

Адақ Шотпанов
Шыңғырлау ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале