29.07.2016, 11:06
Оқылды: 33

Шыңғырлау аудандық комиссия отырысы өтті

МүгедектерШыңғырлау ауданында мүгедектер істері жөнінде аудандық комиссия отырысы өтті.


Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары  және   комиссия төрағасы  Қ.Айтмұхамбетов жүргізген отырысқа аталмыш комиссия мүшелері, бөлім,мекеме басшылары, селолық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде аудандағы мүгедектердің қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік транспорттық инфрақұрылым объектілерін паспорттау және бейімдеу жөнінде атқарылып жатқан шаралар туралы  аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Т.Сәмиевтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, ағымдағы жылы паспортизация жасау бойынша бекітілген нысандарға күн сайын  жұмыстар жүргізілуде және жылдың желтоқсан айына дейін аяқтап тапсырмақ.

 

Сонымен бірге, мүгедектерді ағымдағы жылдың І жартыжылдығында  жұмысқа орналастыру, оқыту және қайта даярлау бойынша атқарылған  жұмыстар және жоспарды орындаудағы атқаратын шаралар туралы  аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Нұржанов баяндамасын оқыды.

Шыңғырлау ауданында тіркелген мүгедектерге топтары бойынша сараптама жұмыстарының нәтижелері туралы  «Мүгедектер ерікті қоғамы» Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы Т.Кереевтың баяндамасы тыңдалды.  Бұл баяндамада  мүгедектерді қоғамнан  тыс қалдырмай жұмысқа орналастырып, ал жұмыс болмаған  жағдайда да оларға  көңіл бөліп, әрдайым спорттық және мәдени шараларға көптеп тарту нақтырақ айтылды.

Осы отырыста «Өрлеу» бағдарламасына қатысуға белгіленген отбасылардың  құжаттары жөнінде  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Сұлтанов хабарлама жасады.

Күн тәртібінде қаралған мәселелердің  нәтижесіне қарағанда, ағымдағы жылдың 15 тамызында комиссия отырысы қайта болмақ.

Айсұлу Арыстанова
Шыңғырлау ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале