9.11.2016, 10:47
Оқылды: 16

Шыңғырлау аудандық мәслихатының IX- кезектен тыс сессиясы өтті

%d1%88%d1%8b%d2%a3%d2%93%d1%8b%d1%80%d0%bb%d0%b0%d1%83-%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d0%bc%d3%99%d1%81%d0%bb%d0%b8%d1%85%d0%b0%d1%82%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3Шыңғырлау ауданы әкімдігінің  мәжіліс залында аудандық мәслихаттың   кезектен тыс ІХ сессиясы өтті. Сессияға  аудан әкімі  Альберт  Есалиев қатысып отырды. Күн тәртібінде  екі мәселе қаралып, депутаттардың  талқылауына ұсынылды.

Сессиядағы бірінші мәселе - Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 38-2 «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне  өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сағидолла Тұрғалиев баяндама жасап,  депутаттар талқылауына ұсынды.

Ал екінші  мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы   Ержан Тұрмағамбетов  сөз алып, «Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия туралы» Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 16-3 шешіміне өзгеріс енгізу жөнінде  айтты.

Отырыста  екі  мәселе де  нақтыланып,  депутаттар тарапынан мақұлданды.

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале