11.08.2016, 11:01
Оқылды: 41

Ынтымақты елде бақ тұрар

этноДостық үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  «Өркендеу»  кәріс этно-мәдени орталығының ұйымдастыруымен ауданымыздағы мәдени орталықтардың арасында фестиваль өтті.


Байқауға  аудандағы 5 этно-мәдени орталық қатысып, түрлі бағамдар бойынша сынға түсті. Алдымен, қатысушылар өз орталықтарын таныстырса, одан соң ұлттық тағамдарын назарға ұсынып, әр ұлт өздеріне тән салт-дәстүрлерін паш етіп, өнерлерін ортаға салды.

В.Шин басқаратын «Өркендеудің» қолға алған шаралары әрдайым ерекшелігімен көзге түсуде. Аталмыш байқауда «Алтын бесік» қазақ этно-мәдени орталығы  ұмытыла бастаған  елге сыйлы адамның кішкентай баланың аузына түкіруі дәстүрі өте жақсы шықты. Сонымен қатар, «Русская изба» орыс этно-мәдени орталығы күн мен түннің теңелуі дәстүрін назарға ұсынса, «Сябры» беларусь этно-мәдени орталығының «Венец счастья» қойылымы көрер көзге тартымды болды. Ал «Еднання» украин этно-мәдени орталығы «Червона калына» әнінің аясында көңілдерді көтеріп, «Алтын гюль» татар этно-мәдени орталығының мүшелері ұлттық билерімен ұмытылмас әсер қалдырды. Мәдени орталықтардың өзара достығы- аудан жетістігі деп айтуға бек болады. Ұлттар арасындағы бірлік еліміздің дамуының кепілі екендігін Елбасы да айтудан жалыққан емес.

Ал шараның  соңында достық ұғымы жеңіскежетіп, барлық орталықтарға «Өркендеудің» атынан  алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Әділет Орынбасаров

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале