27.10.2016, 16:30
Оқылды: 26

«Ынтымақ – ырысқа бастар жол»

%d1%84%d0%be%d1%80%d1%83%d0%bcДәл осындай атаумен 27 қазан күні С.Жақсығұлов атындағы орта мектебінде аудандық қоғамдық келісім кеңесінің ІІ форумы өтті.


         Форумның жұмысына аудан әкімінің міндетін атқарушы Л.Жұбанышқалиева, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Ж.Ихсанова, «Қоғамдық келісім» КММ бас медиаторы Т.Италиева, аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов және ауылдық округ әкімдері, мекемелер мен бөлімдер басшылары қатысты. Алдымен облыс орталығынан келген қонақтар мектеп алдындағы С.Жақсығұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қолөнер көрмесін тамашалады. Жиынды аудандық қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Д.Ғазез ашып, жүргізіп отырды. Шара барысында Қазақстан ауылдық округі әкімі Ә.Тәшімов қоғамдық келісім кеңесімен бірлесе атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасаса, ал Оян ауылының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Д.Темірәлиев «Қоғамдық келісім – өзекті мәселелердің шешімі» тақырыбында баяндама оқыды.

Сонымен қатар «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Жамал Сағынғалиқызы сөз сөйлеп, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Қапақовтың Алғыс хатымен тасқалалықтарды марапаттады. Олардың қатарында Атамекен ауылының молдасы Шынболат Ерниязов пен Мереке ауылдық қоғамдық кеңесінің мүшесі Серікқали Қожабергеновтар бар. Сондай-ақ, аудан әкімінің міндетін атқарушы Люция Әсетқызы аудан әкімінің Алғыс хатымен өңіріміздің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.

Басқосу соңы мектеп оқушыларының орындауында Кеңес Одағының Батыры Садық Шәкелұлының құрметіне арнап жазылған «Батырмен жүздесу» әнімен өз мәресіне жетті.

Манас Әжіғалиев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале