11.07.2016, 10:01
Оқылды: 38

«Ырыс» дүкені ашылды

«Ырыс»Сайқындық ерлі-зайыпты Бердібек-Гүлбаршын Мақсотовтар тасы өрге домалап келе жатқан кәсіпкерлер. Олар алғаш қолға алған «Ырыс» шайханасы бүгінде қарқынды жұмысымен көрінуде. Еңбекқор жандар бір іспен тоқтап қалмай, баспанасы жанынан төрт кісілік қонақ үй, монша салып, жақында шаруашылық тауарларын сататын «Ырыс» дүкендерін де іске қосты.


Айта кетелік, төрт кісілік қонақ үй ауылға іссапармен келгендерге қолайлы жағдай туғызып тұрса, моншалары қонақтармен қатар, тұрғындар көңілінен де шығуда.

www.zhaikpress.kz

Г. ТАСБОЛАТҚЫЗЫ

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале