22.08.2016, 15:47
Оқылды: 33

Экологиялық акцияға үлес

тазаОрман     «Болашақ» – «Таза жағалау! Таза орман!» атты облыстық экологиялық акцияға Ақжайық ауданындағы Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің ұжымы тұрғындармен бірлесіп зор үлес қосты.

Алмалы, Атамекен, Тайпақ, Шабдаршап, Томпақ, Сарытоғай, Сарман, Базартөбе, Қадырқұл, Қызылжар, Базаршолан, Ескесім және Қарауылтөбе ауылдарынан барлығы 172 тұрғын орманшы қауыммен бірге 25 га. жерде 300 текшеметр ағаш қалдықтарын жинады. Сондай-ақ 16 тонна тұрмыстық қалдық, күл-қоқыс аулаққа шығарылды. Басқа күндері де осындай істер жалғасын табады.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале