27.10.2016, 14:34
Оқылды: 24

ЭКСПО – 2017 балалардың көзімен

Оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамытып, мотивациясы бар дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында  «ЭКСПО – 2017 балалардың көзімен» тақырыбы шеңберінде «Мектеп табалдырығынан ғылымға» атты көрме-байқау аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығында оздырылды. Оған А.Құсайынов, Б.Жәнекешев, Жәңгірхан, Қ.Сағырбаев, Ш.Жексенбаев атындағы орта мектеп шәкірттерімен бірге АБТШО үйірмешілері қатысты. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар төмендегіше бөлінді:

Автоматика, телемеханика, радиотехника және интеллектуалдық жүйе номинациясынан құсайыновтық Нұрхат Ғалымов (жетекшісі А.Әменов) ІІ, сағырбаевтық Ерес Бекарыс (жет. Ш.Меңдіғалиева) ІІІ орындардан көрінсе, «Жасыл» энергетика, қуат тиімділігі және қуат үнемділігі номинациясынан жәңгірхандық Салауат Аружан мен Вялых Шерхан (жет. А.Қабиева) І, құсайыновтық Әйгерім Иматова (жет. А.Қазенова) ІІ, бегалиевалық Әлішер Талғатұлы мен Бекарыс Ерсайынов (жет. Т.Садихов) ІІІ орындарды еншіледі. Экология және табиғаттың тиімді қолданылуы номинациясында бабажановтық Жеңіс Шәріп, Әділет Шүкірғалиев (жет. Н.Мұстафин) І, мәметовалық Әсем Нұралы мен Дастан Сатуов (жет.Ә.Махимов) ІІ, жәнекешевтік Қуанышбек Сабыров, Ермұхан Тарасов (жет. Ә.Құрақов) ІІІ орынға табан тіреп, ғарыштық технологиялар және телебайланыс номинациясынан жәнекешевтік Заманбек Сабыров (жет. Ә.Құрақов) ІІ, биотехнология және биожүйе номинациясынан жексенбаевтық Темірлан Маратов, Виталий Айтбаев (жет.Ә.Сарсенғалиев) І орынды жеңіп алды. Бірінші орын алған жүлдегерлер облыстық кезеңге жолдама алды.

М.Сабыров

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале