25.08.2016, 17:42
Оқылды: 26

Іздегеніңізді жәрмеңкеден табасыз

IMG_5406Шыңғырлау ауданында ауылшаруашылық  өнімдерінің  жәрмеңкесі өтуде. Апта сайын өткізіліп жатырған сауда-саттыққа бұл жолы  Ақбұлақ, Қарағаш, Шыңғырлау  селолық округтерінің кәсіпкерлері мен тұрғындары  өз тауарларын әкеп,  көкөніс пен ет, сүт өнімдерін шыңғырлаулықтар мен  аудан қонақтарының арзан бағамен сатып алуына жағдай жасады.

Сөрелерде жағалай құрт –ірімшік, қаймақ, тары- талқанмен бірге бақша өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек көп болды. Бұл күні жергілікті кәсіпкер А.Рудьтың бақшасынан жеткізілген қияр-100 теңгеден, қызанақ- 75 және 80 теңгеден сатылды. Жәрмеңкеде картоп бағасы 80 теңге, қарбыздың килосы 40-50 теңгеден, ал  қарабидайдың  қапшығы-1600 теңге, ақбидай- 2000 теңге, арпа- 1800 теңгеден  сатылды.

Жәрмеңкеге  Ақбұлақ ауылдық округі 150 кило ірі қара малдың етін әкеліп, келісін 1000  теңгеден  өткізді.

Жәрмеңкеге келген тұтынушылар бұл күні тек қана ауыл шаруашылық  тауарлары  ғана емес тіпті қажетті кеңсе тауарларын да  сатып алуға мүмкіндік алды. Нақтырақ айтсақ, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастырумен бірнеше кәсіпкер арзандатылған бағамен  мектепке қажетті киім- кешектер мен оқу құралдарының сатылымын ұйымдастырыпты.

 

Айсұлу Арыстанова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале