26.09.2016, 15:57
Оқылды: 24

Іргелі жарыста үздік атанды

whatsapp-image-2016-09-26-at-09-50-50                20-22 қыркүйек күндері облыс орталығында 1999-2000 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақ күресінен «Жас барыс» чемпионаты өтті.  Өңіріміздің барша аудандарынан және Орал қаласынан  12 команда қатысқан байрақты бәсекеде шыңғырлаулық жерлестеріміз Исламғалиев Айдос 64 келі салмақ дәрежесінде І орын, 100 келіден аса салмақта Закариев Дәурен І орынды жеңіп алды. Аудан спортын алға сүйреген осындай жеңісімен қос спортшы Қостанай қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алып отыр.

Қаршыға Елемесов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале